Түркияның Чанкыры провинциясында 4,5 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Түркия үкіметі Апаттардың алдын алу және басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 16.04-те магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Мамандар жер сілкінісінің эпицентрі Чанкыры провинциясындағы Ильгаз ауданында 7 шақырым тереңдікте болғанын анықтады.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Кеше Түркияның Малатья провинциясының Доганшехир аймағында 4,3 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған.