Тағы бір қыз Backstreet Boys әншісіне зорлады деп айып тақты

31 августа 2023 г. 16:36 / Мир

Тағы бір қыз америкалық әнші және Backstreet Boys тобының мүшесі Ник Картерді зорлады деп айыптады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін әншіні тағы екі әйел айыптаған болатын, – деп жазады Metro.

Ал қазір өзін AR әрпімен таныстырған үшінші қыз 28 тамызда сотқа арызданып, Картер «мен жасөспірім кезімде тиіскен» деп мәлімдеді. 2003 жылы әнші бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін, ол кезде қыз 15 жаста, ал әнші 22-23 жаста екенін айтады.

Заңды құжаттарда Картер бойжеткенге «алкоголь мен есірткі» беріп, қырындап, қыздың «бірнеше рет бас тартып, доғаруын өтінгеніне қарамастан» тиіскені айтылады.

Сол кезде кәмелетке толмаған қыз өзіне «тиіскені» туралы анасына айтып берген, ал анасы бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған, бірақ Картерге айып тағылмаған.

Әнші барлық айыптауды жоққа шығарады, ал оның адвокаты тағылған айыптардың «күлкілі» екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін айтып отыр.

 

 

Новости партнеров