Швейцария Гүлнара Каримованың 370 млн доллар активін тәркіледі

30 сентября 2023 г. 19:26 / Мир

Швейцария прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнәр Каримоваға «Офис» деген атпен танылған халықаралық қылмыстық ұйымның басшысы болды деген айып тақты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Каримова жемқорлық, алаяқтық пен ұйымдасқан қылмысқа қатысты ауқымды істің басында болған дейді прокурорлар.

Өзбекстаннан жүздеген миллион долларды ұрлап, әлемдегі компания басшылары мен шенеуніктерді жүйелі түрде сатып алып отырған деп айыпталды. Сондай-ақ оған Швейцарияда орналасқан бірқатар компания мен банк шоттары арқылы заңсыз жолмен ақша жымқырды деген қылмыс қосылды.

Тергеу нәтижесінде Швейцария билігі оның активіндегі Өзбекстанға қайтарылуы керек 340 млн швейцария франкын (370 млн АҚШ доллары) тәркіледі. Тағы 440 млн франктен астам қаржыны пайдалануға тыйым салынған, әзірге тергеу жалғасып жатыр.

Каримованың швейцариялық адвокаты ол «барлық айыптауға келіспейді және өзін ақтау үшін күреседі» деп мәлімдеді.

 

Автор
Новости партнеров