Шмыгаль: Украина екі жыл ішінде ЕО-ға толық мүше болады деп күтеді
Украина екі жыл ішінде Еуроодаққа толық мүше болады деп күтеді дейді Шмыгаль, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Politico басылымына берген сұхбатында Киев кейбір Батыс елдері ұсынып отырған Еуроодаққа мүшелікке балама нұсқаны қарастырмайтынын айтты.
Басылымның жазуынша, әңгіме Украинаның Еуропалық Одаққа кезең-кезеңімен қосылуын көздейтін Франция мен Германияның ұсыныстары туралы болып отыр.
Украинаға ЕО-ға кандидат мәртебесі 2022 жылдың маусымында берілген.
Еуропалық Одақтың кеңею жөніндегі комиссары Оливер Варгейи 2023 жылдың маусымында Украина осы уақытқа дейін кіру үшін жеті шарттың екеуін орындағанын айтты: Жоғарғы сот төрелігі кеңесі мен Судьялардың жоғары біліктілік комиссиясы реформаланды.
Сондай-ақ БАҚ туралы заңды да қабылдады.