Ресей жаппай заңсыз әдіспен, зорлықпен мигранттарды әскерге жалдап жатыр

9 сентября 2023 г. 11:00 / Мир

Ресей мигранттарды жаппай заңсыз әдістер мен зорлықпен әскерге жалдап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылдың 22 ақпанынан кейін «Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения азаматтарын және басқа да мигранттарды Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға көндіргені туралы хабар қаптап кетті», - дейді құқық қорғаушы Валентина Чупик.

Ресейге жұмыс істеуге келген адамдар рейдтер мен қаймалап қоршап алуға ұшырайды, оларды көшеден тікелей военкоматтарға апарып, сол жерде қорқытып, ұрып-соғу арқылы РФ қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасуға көндіреді немесе мәжбүрлейді. Олар әскери комиссариаттан әскери қызмет өткеру туралы келісімшартқа қол қойылғанын растайтын анықтама әкелмейінше, Ресей азаматтығын алу құжаты қабылданбайды, ал Ресей паспортын алғандарға әскери комиссариатқа шақыру қағазын үстемелетіп жібереді. 

Ресей армиясының құрамында Украина аумағында Орталық Азия елдерінен қанша жергілікті азамат соғысып жатқаны белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, Ресей армиясына қабылданған мигранттардың саны ондаған мың болуы мүмкін. Сонымен бірге олар өз елінде «жалданғаны» үшін жазаға тартылады.

 

Новости партнеров