ҚХДР ядролық қарулы сүңгуір қайығын суға жіберді

8 сентября 2023 г. 17:17 / Мир

Солтүстік Корея тактикалық ядролық қарумен жабдықталған атомдық сүңгуір қайығын суға жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media Euronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа сүңгуір қайық сәрсенбі күні Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын қатысқан іс-шарада таныстырылыпты.

Оның айтуынша, «бұл – келешекте ядролық қаруды қарқынды дамытудың бір бөлігі».

№ 841 сүңгуір қайыққа аталған елдің қаһарманы Ким Кун Октың есімі берілген.

Ким Чен Ын КХДР суасты қайықтарды ядролық қарумен жабдықталған әскери кемеге айналдыратынын айтты. 

Солтүстік Кореяда 64-тен 86-ға дейін суасты қайығы бар. Ол – әлемдегі ең ірі суасты флоттарының бірі. Дегенмен сарапшылар сүңгуір қайықтардың жылын ескере отырып, олардың бәрі жұмыс істейтініне күмәнмен қарайды, - деп ерек келтіреді Nuclear Threat Initiative Америка аналитикалық орталығы.

Новости партнеров