"Қосалқы бөлшексіз, техқызметсіз". Ресей ұшақтары қалай ұшып жатыр

24 сентября 2023 г. 14:10 / Мир

Жаңа қосалқы бөлшектерсіз және сертификатталған техникалық қызмет көрсетусіз ресейлік авиакомпания ұшақтары қалай ұшып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Важные историй» тергеушілері ресейлік компаниялар ұшақтардың қосалқы бөлшектерін делдал арқылы 18 миллиард рубльге сатып алғанын анықтады.

«Екі мақсаттағы тауарлар, соның ішінде авиация өнеркәсібіне арналған қондырғы, аэронавигациялық жабдықтар мен электроника Ресейге әртүрлі арна мен  түрлі елдер арқылы келеді», - деп түсіндірді Transparency International Ресейдің бас директоры Илья Шуманов.

Оның айтуынша, делдалдық компаниялардың бір бөлігі Ресей азаматтарына тиесілі болса, басқалары шетелдіктерге тиесілі.

Кейбір фирма жақында, толық ауқымды соғыс басталғаннан кейін пайда болды.

Санкцияны бұзу тек Еуропа мен АҚШ-та ғана қылмыстық жауапқа тартылатындықтан, басқа елдегі компаниялар мұны өз пайдасына шешуде. 

 

 

Автор
Новости партнеров