Неліктен немістер Шольц үкіметіне соншалықты наразы?

30 августа 2023 г. 12:05 / Мир

Сауалнама көрсеткендей, немістердің 73 пайызы қазіргі Германия үкіметінің жұмысына, 66 пайызы канцлер Шольцтың жұмысына көңілі толмайды екен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталмыш сараптаманы DW арнасы жүргізген екен.

Социал-демократтар, «жасылдар» және нарықтық либералдардан құралған басқарушы «бағдаршам» коалициясы екі жылдық жұмысында сайлаушылардың төрттен бірінен айырылды.

Сарапшылар министрлер кабинетінің рейтингінің төмен болуын көп жағдайда басқарушы коалициядағы әлеуметтік саясат, экология сынды мәселелер бойынша келіспеушілікпен түсіндіреді.

Осылайша, Қаржы министрлігінің басшысы Линднер тұрғын үй қорынан парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған заң шығаруға тырысқан экономика және климатты қорғау министрі Хабекпен қақтығысты.

Көптеген немістер бұл заң жобасын қолданыстағы газды, мұнайды немесе ағаш түйіршіктерін жылыту жүйелерін қымбат, бірақ экологиялық таза жылу сорғыларымен ауыстыруға мәжбүрлеу әрекеті ретінде қарастырды. Нәтижесінде заң жобасы елеулі түзетулермен Бундестагқа ұсынылды.

 

Новости партнеров