Әйгілі куба балуаны 42 жасында Париж Олимпиадасында күреседі

25 мая 2023 г. 18:55 / Мир

Грек-рим күресінен төрт дүркін Олимпиада чемпионы Михайн Лопес 42 жасында Париж Олимпиадасында күресудің көздеп отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін бес Олимпиадаға (2004-2020) қатысқан бостандық аралының өкілі спорттық мансабын алда тағы жалғастырмақ. Біріккен күрес әлемі қауымдастығы (UWW) Михайн Лопестің грек-рим күресінен аса ауыр салмақта Париждегі сынға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. 

Егер Лопес Парижде топ жаратын болса, ол күрес тарихындағы қайталанбас рекордты орнатуы мүмкін. Бұған дейін әйелдер күресінен жапониялық Каори Ичо Рио Олимпиадасында өзінің 4-ші Олимпиадасында чемпион атанса, араға бір цикл салып, Куба спортшысы ерлер арасында 4 дүркін Олимпиада чемпионы болған еді.

Кубалық Михайн Лопес ерлер арасында Олимпиада Ойындарын 4 рет ұтқан алғашқы спортшы. Ол 2004 жылы Афины Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетіп, 5-ші орын иеленді. Одан кейінгі сындардың барлығында жеңімпаз атанды. Соңғы рет ол 2020 (1) жылы Токиода грек-рим күресінен алтынға қол жеткізіп, 21 жыл бойы Александр Карелиннің жаңармай тұрған рекортын жаңғыртты. Осылайша ол өз есімін күрес тарихында алтын әріптермен жазды. 

Бұған дейін грек-рим күресінен Александр Карелин 3 алтын, 1 күміс медальмен күрес тарихында ерекше құрметке ие болған. Кейін бұл көрсеткішті жапониялық тағы бір балуан Саори Есида қайталады. Ол 2004, 2008, 2012 жылдары алтынға қол жеткізсе, Риодағы Олимпиада финалда есе жіберіп, күміс медальға ие болды. 

Өзбекстан атынан өнер көрсеткен осетин балуаны Артур Таймазов да еркін күрестен төрт Олимпиаданың финалында күресіп, 3 рет чемпиона атанған. Алайда кейін допингке қарсы күрес агенттігі оның қан сынамасынан тыйым салынған препаратты анықтады. Кейін ол 2008 және 2012 жылғы Олимпиада Ойындарында иеленген алтын медальдарын кері қайтарып беруге мәжбүр болды. 

Әзірге Куба балуаны Михайн Лопестің алдына түсетін ешкім болмай тұр. Ол 2003 жылдан бері әлемдік спортта өзіне лайық қарсыластардың барлығын алтынан тыс қалдырып келеді. Мәселен, Лопес Панамерика Ойындарын 5 рет ұтса, әлем чемпионатында 8 рет финалға шығып, 5 рет алтын иеленді. 

Ал Париж Олимпиадасы оның спорттық мансабындағы ең маңызды да күрделі сын болары анық. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Olympic Wrestling (@unitedworldwrestling)

Автор
Новости партнеров