Айдан жіберілген алғашқы мәлімет
Үндістан станциясы Айдан алғашқы деректерді жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Press Trust of India жариялады.
Айдың беті күтпеген жерден ыстық болды — 70 градус Цельсий.
"Біз бәріміз жер бетіндегі температура Цельсий бойынша 20-30 градус болуы мүмкін деп ойладық, бірақ ол 70 градус!. Бұл біз күткеннен таңғаларлық жоғары", - дейді Үндістанның ғарыш зерттеулер ұйымы мамандары.
«Чандраян-3» станциясынан шыққан «Прагян» үнділік ай бетінде жүруші аппарат топырақ температурасын 10 см-ге дейінгі тереңде өлшейді.Осы өлшемдерге сүйене отырып, Үндістан ғарыш агенттігі әртүрлі тереңдіктегі температура өзгерістерінің графигін ұсынды.
"Бұл Айдың оңтүстік полюсінің мұндай алғашқы профилі. Егжей-тегжейлі бақылаулар жалғасуда", - деп жазады басылым.