Зілзала кезінде Мұстафа Өзтүріктің Түркияда тұратын екі қарындасы қайтыс болды

11 февраля 2023 г. 16:45 / Евразия

Түркиядағы болған жер сілкінісі кезінде белгілі спортшы, таэквондодан 6 дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүріктің туыстары қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Qaz365.kz-тің жазуынша Хатай провинциясының Дефне аймағында екі этникалық қазақтың үйінді астында қалғаны анықталған. Олар түркияда туған қазақ, белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Қос қандасымыздың есімі Нұрай Қазақ және Бушра Қазақ. Анасы мен қызын туыстары Стамбұлдан алып шыққан.

Нұрай Қазақ 57 жаста болған. Ол Мұстафа Өзтүріктің інісі Рустам Өзтүріктің қызы. Қандасымыз ұзақ уақыт бойы Йордания елінде тұрды. Кейін Хатай провинциясына қоныс аударған. Нұрайдың қызы 31 жаста болған. Зілзаладан қайтыс болған марқұмдардың денесі Стамбұлда жерленеді.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен 23 700 адам қайтыс болды. Жараланғандар саны 80 мың адамнан асқан. Зілзала кезінде Қазақстанның 4 азаматының жоғалып кеткені айтылды. Кейін олардың үшеуі табылып, екеуінің зілзала кезінде қайтыс болғаны анықталды. 

Автор
Новости партнеров