"Вагнер" жалдамалы әскері бір күн ішінде Ресейдегі жағдайды ушықтыра түсті

25 июня 2023 г. 4:30 / Евразия

Ростов қаласын "Вагнер" жалдамалы әскері басып алғаннан кейін Ресейдегі жағдай ушыға түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Ростов қаласын алғаннан кейін "Вагнер" жетешісі Евгений Пригожин үндеу жариялап, алдағы жоспарын мәлімдеді. Ол ары қарай Мәскеуге дейін баратынын атаған.

Айта кететін жайт, Ростов колониясына ықтимал бүліктің алдын алу үшін арнайы күштер енгізілді. Тұтқындарды күзету және Ростовтың қатаң IR-2 колониясындағы ықтимал бүліктердің алдын алу үшін қауіпсіздік күштерінің күшейтілген нарядтары болатыны туралы ақпарат мәлім болды. Әкімшілік "Вагнер" жалдамалы әскерлері жазасын өтеушілерді бүлік шығаруға итермелейді деп қорыққан. Сондықтан ол арнайы күштерін күзету үшін пайдалануға шешім қабылдап отыр. Колониядағы шеруде қазір арнайы күштер де, ауыр әскери техника да (БТР) бары да айтылды. 

Сондай-ақ, "Вагнер" әскері көп ұзамай Воронеж облысына да басып кіргені белгілі болды. "Вагнер" жалдамалы әскерлері ә дегеннен-ақ Воронежді бақылауға алған. Пригожиннің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қаладағы барлық әскери нысандар "бақылауға алған". Сондай-ақ, оның баспасөз қызметі "армия халықтың жағына өтіп жатқанын" да атады. 

Ресейлік саясаткер Игорь Стрелков "Вагнер" жалдамалы әскерлерінің "Воронежге қарсылықсыз кіргенін" растады.  Осы уақытта Воронежде мұнай базасында үлкен өрт шықты. Жергілікті тұрғында өрттің алдында үлкен жарылыс болғанын айтқан. 

Төтенше оқиға М-4 Дон тас жолында орын алды. Онда Вагнер әскері қуаты жоғары жарылғыш әуе бомбаларының астында қалған. Қауесет бойынша, "Вагнерлердің" әскери техника колоннасы азаматтық көліктермен араласып кетсе де бұл ресейлік авиацияны тоқтатпаған екен.  

Евгений Пригожин Ресейдің бірнеше облысын басып ала жүріп Белорусь президенті Александр Лукашенконы сөйлескені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Александр Лукашенконың баспасөз қызметі хабарлады.  

Келіссөздер күні бойы жалғасып, нәтижесінде олар Ресей аумағында қанды қырғынды бастауға жол бермеу туралы келісімдерге келген көрінеді.

Евгений Пригожин Беларусь президенті Александр Лукашенконың "Вагнер" компаниясының қарулы адамдарының Ресей аумағында қозғалысын тоқтату және шиеленісті бәсеңдету бойынша одан әрі қадамдар жасау туралы ұсынысын қабылдады", - деп мәлімдеді Беларусь президентінің баспасөз қызметі.

Айта кететін жайт, қазір Ресейдегі жағдай қатты ушығып тұр. "Вагнер" жалдамалы әскері қиындықсыз Мәскеуге қарай бет алғанда елдің президенті Владимир Путиннің белгісіз бағытқа ұшып кеткені туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ, Мәскеудегі жағдайдың да мәз емес екенін әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр. Қазір ел астанасының көшелерінде әскери техниканы көптеп кездестіруге болады. Сондай-ақ, қала мэрі Собянин тұрғындарға үйден шықпауды ескертіп, дүйсенбіні демалыс ретінде жариялағаны белгілі болды. 

 

 

 

 

 

Автор
Новости партнеров