Украина Ресей басқыншылары әкеткен 128 баланы елге қайтарды
Украина соғыс басталғаннан кейін Ресейге мәжбүрлеп әкеткен сегіз мың баланың 128-ін елге қайтарды, деп хабарлайды Arbat.media
Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысы басталған кезде сегіз мыңнан астам бала күштеп әкетілген. Араға жылдан астам уақыт салып олардың тек жүзден астамын ғана елге қайтаруға мүмкіндік туды. Бұл туралы Украинаның Бас прокуроры кеңсесінің балаларды қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Юлия Усенко "Украинформ " газетіне мәлімдеді.
Депортацияланғандардың санымен салыстырғанда неге мұншалықты аз деп сұрайсыздар. Бірақ біз үшін бұл көрсеткіш емес - бұл 128 баланың өмірі. Олардың Отанына оралуының артында кем дегенде бір баланы қайтару үшін айлар бойы жұмыс істейтін көптеген адамдар бар. Бұл үшін көмектескен адамдар тәуекелге барыды. Бұл адамдардың кім екендігі және бәрі қалай болып жатқаны туралы қазір айта алмаймын, өйткені бұл балалардың оралу процесіне зиян тигізіп қана қоймай, біреудің өмірін қиюы мүмкін. Алдағы уақытта Украина қолынан келгеннің барлығына жасайды. Алайда бұл жұмыстар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Бұл ретте дипломатияның әдеттегі құралдары, агрессорға халықаралық гуманитарлық құқықтың талаптары қолданылмайды, - деп атап өтті Усенко.
2022 жылдың қазан айында Украина президентінің Бала құқықтары және балаларды оңалту жөніндегі уәкілі Дарья Герасимчук Ресей Федерациясына кем дегенде 8709 украиндық бала шығарылғанын хабарлаған болатын.