Түркияда зілзаладан кейін бір апталық аза тұту жарияланды

7 февраля 2023 г. 6:05 / Евразия

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі қатты жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар үшін бір апталық аза тұту жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын дүйсенбіде оның баспасөз қызметі таратты.

"2023 жылғы 6 ақпанда елімізде болған жер сілкіністеріне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Біздің жалауларымыз 12 ақпанда күн батқанға дейін біздің мемлекетіміздің барлық аумағында және біздің шетелдік өкілдіктерімізде түсіріледі", — деп жазылған ресми ақпаратта. 

6 ақпанда таңертең Түркияда қатты жер сілкінісі орын алып, көптеген үйлер құлады. Соның салдарынан өлім құшқан адамдардың саны сағат сайын өсу үстінде.  

Қайғылы оқиғадан кейні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сонымен бірге, арнайы тапсырма бойынша Қазақстаннан Түркияға құтқарушылар мен дәрігерлер тобын жіберетін болды. 

Автор
Новости партнеров