Садыр Жапаров қырғыздың бұрынғы бес президентімен Дубайда кездесті

20 февраля 2023 г. 3:44 / Евразия

Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаров елді басқарған бес экс-президенттермен Дубайда бас қосты, деп хабарлайды Arbat.media

Елдің «Кабар» агенттігінің жазуынша, Садыр Жапаровтың өзінің көптен күткенін арманының орындалғанын айтқан. 

Бұл туралы елдің қазіргі президенті әлеуметтік желіде жазба жариялап, "мәңгі бейбітшілік пен келісім жолында барлық бұрынғы президенттерді бір дастархан басына қоса алдым" деп өз ісіне риза кейіппен баға берген.  

Ауызбіршіліктің жоқтығы мен билікке деген бітпейтін таластың салдарынан біз өткен жылдардағы империядан айрылдық. Бүгін Орталық Азияның бір бұрышында қалып бара жатқандаймыз. Қазір солтүстік пен оңтүстікке, 7 облысқа бөлініп, әркімнің "көрпені өзіне қарай тартуға" тырысуын былай қойып, экс-президенттердің жақтаушылары болып бөліну үрдісі қалыптасқан. Өкінішке қарай, қырғыз елі жік-жікке бөлініп кетті. Егер мемлекетіміздің болашағын ойласақ, онда барлығын біріктіруіміз қажет. Көшбасшылар бірікпей, оларды жақтаушылар бірікпейді. Халық кезінде сайлаған бұрынғы президенттерді жинау туралы ой көптен мазалайтын. Міне, ойымды іске асыра алдым. Халқымыздың салты бойынша дастархан басына жинадым. Олар елдің болашағы үшін өткеннің бәрін ұмытып, менің жұдырықтай жұмылу туралы бастамама қолдау білдірді», - деп жазған Садыр Жапаров.

Қырғыз басшысы экс-президенттермен кездесу өкпелерін айтып, өз қателіктерін де мойындағанын жеткізген.

"Ең бастысы, олар бір-бірін кешіре алды. Менің мақсатым осы еді. Бірақ, ең басты арманым – барлық бұрынғы президенттердің жақтастары, барлық жеті облыстың халқы саясаттан алшақтап, даму мен экономикалық өркендеудің бір бағытын ұстанса», - деді Садыр Жапаров.

Ол осы әрекеті арқылы Қырғызстан халқын ынтымаққа шақырап отыр. Өткенге кешіріммен қарап, қара бастың қамын емес, мемлекеттің болашағын ойлауға үндейді.

Қырғыз Респуликасының алғашқы президенті Асқар Ақаев 2005 жылы биліктен төңкеріс арқылы кетіп, Мәскеуден пана тапқан болатын. Оның орнын басқан Құрманбек Бакиев 2005 жылдан бастап төрт жыл бойы елдің басшысы болды. Алайды оны қарсыластары 2010 жылы тақтан тайдырды. Сол жылы уақытша үкімет тізгініңн Роза Отынбаева алып, кейін сайлау арқылы жеңіске жеткен Алмазбек Атамбаев 2011 және 2017 жылдары елдің басшысы болды. Кейін оның орына Соронбай Жиенбеков келгенімен, 2020 жылы елдегі төңкерістен кейін биліктен кетті. Сол уақытта елдің билігін қазіргі президент Садыр Жапаров алған еді.

Автор
Новости партнеров