Ресей азаматтарының 74 пайызы Украинаға ядролық қару қолдануға қарсылық танытқан

14 июля 2023 г. 16:26 / Евразия

Ресей тұрғындарының 74 пайызы атом қаруын Украинаға қарсы соғыста пайдалануға қарсы екендіктерін білдірген, деп хабарлайды Arbat.media.

РБК порталы Russian Field зерттеу компаниясының зертеуін жариялап, орыс халқының ядролық қаруды қолдануды қолдамайтынын мәлімдеген. 

Ресей азаматтары арасында «Украинадағы жеңіс үшін, керек болған жағдайда, ядролық қару қолданудың қажеті бар ма?» деген тақырыпта сауалнама жүргізілген. 

Жауап бергендердің16 пайызы ядролық қару қолдануды құптаса, олардың үштен бірі оны тек Ресей жеңілетін болса ғана қолдану керектігін алға тартқан. Ал пікір айтуышлардың тағы 5 пайызы бұл сауалға жауап бере алмайтынын атаса, 4 пайызы өзге жауап нұсқаларын ұсынған екен. Ал 1% жауап беруден мүлдем бас тартып, бұл сұрақтың орынсыз екенін атаған. 

Айта кететін бір жайт, зерттеу телефон арқылы жүргізілген сауалнама нәтижесіне негізделген көрінеді 16-19 маусым аралығында өткен сауалнамаға Ресей федерациясы бойынша барлығы 1604 адам қатысып, жауап берген. 

Автор
Новости партнеров