Ресейдегі Ключевская жаңартау атқылады

23 июня 2023 г. 14:10 / Евразия

Ресейдегі ең биік саналатын Ключевская жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

ТАСС агенттігінің жазуынша, жанартаулардың атқылауын бақылайтын камчаткалық топ мәлімдеді. Аталған топтың (KVERT) жетекшісі, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс бөлімінің Вулканология және сейсмология институтының ғылыми қызметкері Ольга Гирина ең жоғары деңгейдегі қауіпті жағдай байқалғанын атады. 

Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді. Әзірге мұндай атқылау халық үшін де, авиация үшінде ешқандай қауіп келтірмейді, - деді Ольга Гирина.

Биіктігі - 4750 метр болатын Ключевская Еуразия құрлығындағы ең белсенді жанартау саналады. Жанартау осыдан үш жыл бұрын қазан айында атқылаған. Аталған нүктеге ең жақын елдімекен Усть-Камчатский ауданына қарасты Ключи ауылы. Бұл жер тура жанартау баурайынан 30 шақырым қашықтықта тұр. 

Автор
Новости партнеров