Ресейде қолдан жасалған арақты ішкен 20-ға жуық адам өмірмен қоштасты

6 июня 2023 г. 16:04 / Евразия

Ресей Федерациясының Нижний Новгород, Самара және Ульяновск облыстарында қолдан жасалған арақты ішкен 20-ға жуық адам уланып, қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

ТАСС агенттігінің жазауынша, Самарада өндірілген "Мистер сидр" сусындары өлімге тікелей себеп болған.  Елдегі Роспотребнадзор басшысы Анна Попова бұл өнімді сатылымнан алып тастауды ұсынған. Қолдан жасалған алкогольден улану деректері алғашқы болып Нижегород облысында анықталды. 

Кейін Ульянов облысында 16 адам осы ішімдікті ішіп қайытс болды. Аймақ басшысы Алексей Русских облыста барлығы 40 адам уланғанын ресми хабарлады. 

Ал Димитровград басшысы Андрей Большаков өңірде қолдан жасалған арақтан зардап шеккендер саны 28 адамға жеткернін атады. Сондай-ақ, Самара облысында осы өнімді тұтынған екі әйел бақилық болды. Сонымен қатар, Удмуртияда ер мен әйел адам ішімдік ішемін деп мүшкіл жағдайда жатыр. 

Кейін Ульянов губернаторы төтенше жағдайдың орын алуына себеп болған алкоголь құрамында метанол болғанын жеткізді. Тергеу кезінде өнімді жеткізген жеке кәсіпкер ұсталып, қамауға алынған. 

Автор
Новости партнеров