Путин Украинаға барлық әскерін апарса да жеңе алмайды - Мұхтар Жәкішев

16 февраля 2023 г. 23:05 / Евразия

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ бұрынғы төрағасы Мұхтар Жәкішев украиналық журналист Дмитрий Гардонға берген сұхбатында Ресейдің Украинамен соғыста жеңіске жету мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Белгілі журналиспен сұхбат барысында Мұхтар Жәкішев Назарбаев пен Тоқаевтың айырмасын, Ресейдің басқыншылығына қарсы ресми Киевтің қарқынын айта келе, бұл соғыста Ресейдің жеңіске жете алмайтынын атаған. 

Путин Украинамен соғыста барлық әскерін апарын майдан даласына төгуі мүмкін. Алайда сол арқылы ұтты дегеннің өзінде жеңіске жете алмайды. Себебі әскерді ұстау мүмкін емес. Украинаны ешқашан күшпен ұстай алмайды. Бұл орайда Украина азаттық жолындағы күресте қарсы тұра алады деп үміттенемін, - деді Мұхтар Жәкішев. 

Сондай-ақ, ол Ресейдің басқыншылық әрекетіне қарсы тұра білген Украина Қазақстанды кезекті агрессиядан құтқарғанын атаған. Мұхтар Жәкішевтің сөзінше, Киев бастапқы сәтте берілген болса, Кремль бірден Қазақстанға ауыз салған болар еді...

Путин ешкімге соқтықпай, жай жатқан елге соқтықты. Оның ойлап тапқан сылтауына қарап еріксіз езу тартасың. Нағыз "нацистер" Ресейдің өзінде отыр. Украинаның парламентінде орысты жер бетінен жойып жіберуге үндеп отырған бірде бір партия жоқ. Олардың Зеленский туралы сандырағына ақыл-есі түзу адам сенбейді", – деді М.Жәкішев. 

Бұған дейін  Arbat.media  Ресейдің Украинаға соғыс ашқалы бері барлық әскери техникасының жартысынан айрылғаны туралы жазды

 

 

Автор
Новости партнеров