АҚШ президенті Джо Байден Киевке келді

20 февраля 2023 г. 21:40 / Евразия

АҚШ президенті Джо Байден Киевке табан тіреді, деп хабарлайды Arbat.media.

Америка президентінің соғыс жүріп жатқан Украинаға келетіні туралы ақпарат алдын ала айтылмады.  Аптаның алғашқы күні түстен кейін Байденнің Киевке келгені туралы ресми ақпарат тарады. 

Киевке келген Байден Украина президенті Владимир Зеленскиймен Михайлов шіркеуіне барған. 

 

Украина басшысы Владимир Зеленский өзінің телеграм арнасында "Джо Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз Украина халқына өте үлкен қолдау" деген мәтінмен алғысын білдірді. 

Байденнің өзі де "АҚШ-тың демократияны, Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін толық қолдауын растау үшін" Киевке келгенін мәлімдеді.

 

20 ақпанда Киевте АҚШ елшілігінің жанындағы қала орталығындағы көшелер, сондай-ақ елшіліктен орталық теміржол вокзалына дейінгі жолдар жабылғанын тұрғындар байқаған.

БАҚ-тың хабарлауынша, Зеленский мен Байден Украинаны әскери қолдау мәселесін кеңінен талқылаған. 

Автор
Новости партнеров