Қырғызстандағы қар көшкіні кезінде екі адам жоғалып кетті

17 февраля 2023 г. 22:57 / Евразия

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні жүрген жерде екі адам жоғалып кетті. Оларды іздестіру жұмыстары басталғанымен, қайтадан көшкін жүру қаупі туындауына байланысты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.media. 

Қырғыздың Кабар ақпарат агенттігінің жазуынша, оқыс оқиға 16 ақпанда болған. Қазір елдің төтенше жағдайлар министрлігі Ала-Бука-Жаны Базар-Кировка тасжолының 80-90 шақырымында қар көшкіні жүріп, аталған аумақта Mercedes-Benz шағын автобусының жүргізушісі мен жолаушысы қалып қойғанын анықтады. 

Қар көшкінінің тағы да жүру қаупі жоғары болғандықтан қазір іздеу жұмыстары кейінге шегерілді. Ал шағын автобус жүргізушісі 16 ақпан күнгі сағат 17:30-дан кейін байланысқа шықғаны белгілі болып отыр. 

"Осыған байланысты 5 құтқарушы оқиға орнына арнайы көлікпен шықты. Алайда жол учаскесіне көлікпен жету қиындық тудыруына байланысты іздеу жұмысын жалғастыру үшін жаяу жүруге тура келді", деп жазды Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі. 

Автор
Новости партнеров