Қырғызстан TikTok желісін бұғаттайтын болды

30 августа 2023 г. 16:17 / Евразия

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі өз елінде TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media

 TikTok желісі балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсер ететіні туралы алаңдаушылығы күшейген депті министрліктің атына шағымданған бірнеше үкіметтік емес ұйым.  

TikTok пайдаланушыны шағын роликтер виртуалды әлемге «апарып»,  жасөспірімдер белгілі бір бейнелерді қайталауға тырысатыны, тіпті кейбіреуі өмірге қауіп төндіретіні жазылған.

Баланың психикасы енді қалыптасып келе жатқанда, жүйкесі әлі тұрақсыз,  мұндай контент тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоциясына жаман әсер ететіні айтылған.

«Министрлік TikTok әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізіп, платформа тарапынан балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, жас санатын бақылау функциясы жоқ екенін анықтаған. Сөйтіп көптеген өтінішті ескеріп, мониторингті негізге ала отырып,  Қырғызстан елінде TikTok қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Аталмыш шешім Қырғыз Республикасының заңнамасы аясында одан әрі іске асыру үшін Қырғызстанның цифрлық даму министрлігіне жолданды.

 

Новости партнеров