Лукашенко "Словян базары" сайысында топ жарған қазақстандық жас әншіге жүлде табыстады
14 июля 2023 г. 15:29 / Евразия
Қазақстандық 12 жастағы әнші Шерхан Арыстан "Витебск" XXI халықаралық балалар ән байқауында бас жүлде алды, деп хабарлайды Arbat.media.
БЕЛТА порталы жас талантқа "Витебсктегі Славян базары" XXXII Халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында балалық арасындағы конкурстың бас жүлдесі табысталғанын мәлімдеді. Аталған жүлдені Беларусь президенті Александр Лукашенко арнайы тапсырған.
Конкурстың қазылар алқасы қазақстандық Шерханға сайыстың екі күндегі қорытындысы бойынша140 балл қойған. Бұл ең жоғары ұпайға баланып отыр. Осыдан кейін отандасымыз барлық қарсыластарынан оқ бойы озып, топ жарды. Ал Беларусь атынан сынға түскен жас әншісі София Рустамова отандасымыздан 4 ұпайға қалып, екінші орынға тұрақтады.
Байқаудың алғашқы күні Шерхан Андреа Бочелли, Дэвид Фостер мен Эми Фостердің "Ama, Credi e Vai" композициясын орындаған. Сондай-ақ, ол Қазақстанда эстрада жұлдызы болуды армандайтынын алға тартты.
17 ноября 2026 г. 14:37 / Евразия
Танцевавшую с Путиным экс-главу МИД Австрии могут лишить гражданства
17 ноября 2026 г. 9:42 / Евразия
Коррупционный скандал привел к отставке президента Монголии
17 ноября 2026 г. 9:30 / Евразия
В Польше отказались хоронить стрелка, убившего 9 человек
16 ноября 2026 г. 13:42 / Евразия
В Иордании полностью заблокировали Telegram
15 ноября 2026 г. 11:36 / Евразия
Арктика может стать новым полем противостояния России и НАТО — Сунак
12 ноября 2026 г. 17:40 / Евразия