Индонезияда көшкін салдарынан 15 адам қаза тапты

7 марта 2023 г. 16:59 / Евразия

Индонезиядағы аралдарының бірінде болған нөсер жауын мен көшкін салдарынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

AFP-ның мәліметі бойынша аралдардың бірінде болған табиғат апатынан өліммен қатар оннан астам адам қайтыс болған. 

Елдің Риау провинциясының Натуна ауданында болған көшкіннен зардап шеккен ауылды табуға ауа райының қолайсыздығы мен байланыс желілерінің зақымдануы орасан зор кедергі келтіруде. Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің басшылары Серасан аралындағы жартастың жанындағы үйлерді лай мен қоқыс басқанын мәлімдеді. Сонымен бірге 50 адам із-түзсіз жоғалып, 15 адам қаза тапқаны анықталып отыр. 

BNPB жетекшісінің бірі Абдул Мухари дүйсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде Натуна аралындағы Пенаги портынан зардап шеккен аймаққа 60 адамнан тұратын іздеу-құтқару тобы ұшып келгенін айтты.

Қазір аралға жету қиын. Оған барар жол әдетте жылдам қайықпен шамамен бес сағатты алады.
«Ертең апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттік процесті жеделдету үшін тікұшақ жібереді, - деді о Kompas ТV арнасына берген сұхбатында Абдул Мухари. 

 
Индонезияның Борнео бөлігіндегі су тасқыны салдарынан 17 мыңнан астам үйді су басты. Малайзияда да толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеп соқты. Соңғы аптада елдің бірнеше штатында 4 адам қаза тауып, 41 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Осыдан тура үш жыл бұрын ел  астанасы Джакартада жойқын су тасқыны болып, салдарынан 67 адам бақилық болған еді. 

Автор
Новости партнеров