Грузияда наразылыққа шыққандар күштік құрылым өкілдерімен қақтығысты

8 марта 2023 г. 18:31 / Евразия

Тбилисиде "шетел агенттеріне" қатысты заңға наразылық білдіруші топтың әрекеті полицейлермен қақтығысуға апарып соқты, деп хабарлайды Arbat.media.

BBC агенттігінің жазуынша полиция наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас шығаратын газ бен су атқыштарды қолданған. Грузияның Ішкі істер министрлігі акцияның соңы күш көрсетуге ұласқанын мәлімдеді. 

Грузия телеарналары көрсеткен бейнекөріністерде митингке шыққан тұрғындар Руставели даңғылын жапқан. Осы орайда оларға қарсы полиция су шашу әдісін қолдануға мәжбүр болған. Наразылық білдірушілер қолдарына Грузия мен Еуроодақтың туын ұстап жүргені анық байқалады. 

Грузиялық БАҚ парламентке жақын көшелерде арнайы жасақ көзден жас ағызатын газ қолданғаны туралы жазды. 

Грузия ІІМ баспасөз қызметі наразылық акциясына қатысушылардың парламентке кіретін жолдардың бірін жабуға тырысқанын растады. Оппозиция наразылық шарасының бейбіт түрде өтіп жатқанын хабарлады. 

Arbat.media бұған дейін Грузия парламентіндегі болған жағдай туралы жазды. Кейін наразылыққа ұласқан шара кезінде жетпіске жуық адамның ұсталғаны белгілі болды. 

Автор
Новости партнеров