Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан клубтар белгілі болды

16 марта 2023 г. 16:43 / Евразия

UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Испанияның «Реал Мадрид» клубы Англиядан келген «Ливерпульге" қарсы ойын өткізді. Бірінші ойында корольдік клуб қарсылас командадан 5:2 есебімен басым түскен болатын. 

Қарымта матчта "Реал" ойыншылары екінші таймда есеп ашты. Ойынның 79-шы минутында Кәрім Бензема Винисиус Жуниордың берген пасын қақпаға тоғытты. Осылайша "Реал" қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Италияның «Наполиі» өз алаңында германиялық "Айнтрахты" қабылдады. Бірінші ойында "Наполи" 2:0 есебімен басым түссе, екінші кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін чемпиондар лигасының аясындағы ойында "Манчестер Сити" (Англия), "Интер" (Италия), "Бавария" (Германия), "Милан" (Италия), "Бенфика" (Португалия) мен "Челси" (Англия) клубтары 1/4 финалға шыққан болатын. 

Енді ЧЛ аясындағы ширек финалдық ойындар сәуір айында, ал жартылай финалдық ойындар мамыр айының басына жоспарланған. Ал финалдық сын Стамбулда өтеді. 

Автор
Новости партнеров