Бокстан Ташкентте өтетін әлем чемпионатына АҚШ пен батыс елдері қатыспайды

16 февраля 2023 г. 23:13 / Евразия

Мамыр айында Ташкенттен бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына Польшаның бокс қауымдастығы қатысудан бас тартып, байкот жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Ringside24.com-ның жазуынша, Польшаның бокстан ұлттық құрамасыТашкентте өтетінң әлем біріншілігіне қатыспайтындығын мәлімдеген. Бұл туралы федерацияның вице-президенті Мацей Демаль мәлімдеді. Мұндай қадамға, олар ІВА-ның Ресей мен Белорусь боксшыларын әлем чемпионатына өз елдерінің туы мен әнұранымен қатыстыру туралы шығарған шешімінен кейін барып отыр. 

Бұған дейін әлем чемпионатынан АҚШ, Ирландия, Ұлыбритания, Украина қатысудан бас тартқан болатын. Бұл тізімге таяу күндері Германия мен скандинав елдері қосылуы мүмкін. 

Сондай-ақ, Чехияның бокс қауымдастығын таяу күндері ІВА-ға балама болатын халықаралық бокс қауымдастығын құру туралы бастамасын хабарлады. Ал Қазақстан бокс федерациясы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына ұлттық құраманың қатысатынын мәлімдеді. 

 

 

Автор
Новости партнеров