Ақтаудағы Түркия консулдығында көңіл айту кітабы ашылды

8 февраля 2023 г. 16:35 / Евразия

12 ақпанға дейін түрік еліндегі жарияланған ұлттық аза тұту жариялануына байланысты 8-10 ақпан аралығында Ақтаудағы Түркияның Бас консулдығында көңіл айту кітабы ашылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Түркия Республикасының Ақтаудағы бас консулы Альптекин Сабри зілзаладан зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсеткені үшін облыстың барлық қамқор тұрғындарына алғысын жеткізді. Сондай-ақ, зілзаладан зардап шеккен азаматтарға көмек бергісі келетін маңғыстаулықтардың қатары көбейгені белгілі болды.

Осы ретте Түркияның Ақтаудағы Бас консулы Альптекин Сабриөңір тұрғындарына алғыс білдірді. Кеше консулдықтың қақпасына ақтаулықтар гүл шоқтары мен ойыншықтар қалдырған. Консулдық өкілдері қазақ бауырлар ниеттенген қолдауларын қаржылай көрсетсе деген өтінішін жеткізген. 

Автор
Новости партнеров